Алматыда АИ-95 маркалы жанармай тапшы

Бөлісу:
Алматыда АИ-95  маркалы жанармай тапшы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы жанармайдың болмай қалуына байланысты әкімдік түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімдігі шаһардағы ірі жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы 1,4 мың тоннаға жуық бензиннің бар екендігін, тағы 5,6 мың тонна жолда келе жатқанын (екі-үш күнде жетеді) атап өтті.

Кейбір жанар-жағармай құю станцияларында бензиннің болмауы осы кезеңде жүк және жолаушыларды тасымалдаудың көп болуына, сондай-ақ теміржол және автокөлік жолдарындағы логистикамен байланысты. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ҚТЖ және ЖҚС желілерімен бірлесіп, АИ-95 бензинінің болуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Басқа өңірлерде вагондардың тұрып қалуына байланысты мәселелер жедел пысықталуда, – деп хабарлады әкімдік.

Өзгелердің жаңалығы