Алматыда адамның қатысуынсыз бақылау жүргізетін станциялар қолданысқа енгізілді

6 Қараша 2019, 06:11
3596
Бөлісу:
Алматыда адамның қатысуынсыз бақылау жүргізетін станциялар қолданысқа енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіне жұмыс сапары аясында мұздағы көлдердің жарылу қауіптілігін мониторингілеу мен бағалауға, гидрометеорологиялық жағдайға бақылау жүргізуге және Алматы қаласына іргелес жатқан аумақтың сел ағынының алдын алуға арналған сел қаупінің автоматтандырылған мониторинг жүйесін (АМЖ) енгізу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы баяндалды.

Қазіргі уақытта I кезең аяқталды, оның шеңберінде 2 көл станциясы, 2 ошақты, 3 арналы станция және 3 дамбалық станция үлкен және кіші Алматы өзендерінде орнатылды.

Мониторинг станцияларынан орталық серверге дейін деректерді берудің қорғалған желісі ұйымдастырылған. "Қазселденқорғау" ММ және ТЖД-да бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді және диспетчерлік орындар құрылды.

Online режиміндегі функционал адамның қатысуынсыз теңіз-көлдердің жай-күйі туралы ақпаратты видеокартинкамен беруді қамтамасыз етеді.

Бұл станциялар автоматтандырылған режимде су деңгейін, ауа температурасын, топырақтың температурасы мен ылғалдылығын, су температурасын, жауын - шашынның қарқындылығын, селдің түсуін, сейсмикалық белсенділікті өлшеуге 10 параметрге дейін мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Жоба 2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР География институтымен бірлесіп әзірленген ғылыми негізделген әдістеме негізінде енгізілді.

Жобаның аяқталуы 2020 жылға жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы