Алматы қаласының Алмалы ауданында полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз туралы түскен дабылға жедел әрекет етті.
102 арнасына келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бойжеткен тұрғын үйдің алтыншы қабатында тұрған және ойланбай әрекетке баруы мүмкін болған.
Оқиға орнына «Буран-235» экипажы дереу жетті. Туыстарының және полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан мұндай әрекетке итермелейтін белгілер байқалмаған. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 8-қабаттан секірмекші болған әйел құтқарылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қарағанды облысында құтқарушылар екі адамды құдықтан аман алып шықты
Семейде ер адам аспалы көпірден Ертіске құлап кетті
Қарағанды облысында жантүршігерлік апат: Көлікте қысылып қалған адам құтқарылды