Алматыда 42 нысан карантин ережелерін бұзған

21 Маусым 2020, 16:43
1226
Бөлісу:
Алматыда 42 нысан карантин ережелерін бұзған

Алматы, BAQ.KZ. 20 маусым күні арнайы мониторингтік топ қала бойынша рейд жүргізіп, 42 нысанның карантин шараларын бұзғанын анықтаған.

Кәсіпкерлік басқармасы, Санитарлық және эпидемиологиялық қызмет пен әкімдік өкілдерінен тұратын мониторингтік топ кеше кешкісін қаладағы жағдайды тексеру барысында 42 нысанның карантин ережесін бұзғанын анықтаған. Ережені негізінен қоғамдық тамақтану орындары бұзып отыр.

Алатау ауданында – 4 нысан, Алмалы ауданында – 10, Әуезов ауданында – 4, Бостандық ауданында – 13, Медеу ауданында – 10, Түрксіб ауданында – 1 нысан ереже бұзған.

Бұл нысандардың барлығына эпидемияға қарсы қаулы тағы да таныстырылды, сонымен қатар хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынған.

Өзгелердің жаңалығы