Алматыда 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

17 Қазан 2023, 15:44
602
Бөлісу:
Алматыда 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада балалар мен жастарды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету үшін заманауи спорт кешендері пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының құрылыс басқармасы олардың құрылысы кестеге сәйкес, 2023 жылдың соңына дейін аяқталатынын хабарлады. Биыл қараша айында Алатау және Медеу аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі. Түрксіб ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жыл соңына дейін тапсырылады.

Бұл спорт кешендерінің ерекшелігі, қалада балалар спортын дамыту үшін мұндай ғимараттар болмаған. Әрбір дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауданның спорт секцияларындағы барлық базалық қажеттілікті ескере отырып салынған.

Алатау шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені 1,42 га жерде салынған, ғимараттың жалпы ауданы 7 930 ш.м жалпы ауысымда шамамен 150 адамды қабылдай алады, екі ауысымдық жұмыс кезінде күніне 300-ге жуық бала қатыса алады. Аумақтық мүмкіндікті ескере отырып, кешенде: спорт залы, 6 жолға арналған 25 метрлік бассейн, балалар бассейні, дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағындағы теннис корты, тренажер залы, күш жаттығулары залы қарастырылған, - делінген ақпаратта.

«Жас Қанат» шағыауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бір ауысымда шамамен 150 адам, екі ауысымда күніне 300-ге жуық баланы қабылдай алады. Кешен учаскесінің жалпы ауданы – 1,36 га, ғимараттардың жалпы ауданы – 7 394 ш.м.

Спорт кешені жалпы спорт залынан, 6 жолға арналған 25 метрлік бассейннен, балалар бассейнінен, тренажер залынан, күш жаттығулары залынан тұрады.

«Зерделі» шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені бір ауысымда 98 адамға есептелген, күніне 196 бала қабылдай алады. Спорт кешенінің ауданы 1,59 га, ғимараттың ауданы – 3 220 ш. м.

Спорт бөлмелеріне мыналар кіреді: спорт залы, спорт залы, бокс залы, хореография залы, үстел ойындары залы.

Сонымен қатар нормативтерге сәйкес барлық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде киім-кешек бөлмесімен, душ бөлмелерімен, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген санитарлық тораптармен жабдықталған.

Жалпы, үш кешен базасында спортпен шұғылдану бойынша барлығы 122 топ ашылады. Негізгі бағыттар жекпе-жек, спорттық ойындар, су және басқа да спорт түрлері болады.

Осылайша Алматыда күніне 800-ден астам бала мен жасөспірім өте қолайлы жағдайда спортпен шұғылдана алады.

Өзгелердің жаңалығы