Алматы жылу маусымына 100% дайын

30 Қыркүйек 2023, 04:23
842
Бөлісу:
Алматы жылу маусымына 100% дайын
Фото: BAQ.KZ

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары алдын ала басталып, жоспар бойынша жүргізіліп отыр. Барлық қазандық 100% дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

9 ірі және 75 шағын қазандықтарға жөндеу жұмыстары аяқталды. Мектептерді, балабақшалар мен ауруханаларды жылытатын бірнеше қазандыққа жаңа жабдық орнатылды. Қазандық жабдықтарының тозуы 1,2%-ға азайды. Бүгінде «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС (АЖКЭ) қазандықтарының біреуінен басқасы табиғи газды пайдаланады.

Бұл соңғы 5 жылда атмосфераға шығарындыларды 2 еседен астам азайтуға мүмкіндік берді. АЖКЭ қазандықтары барлығы 141 мыңнан астам тұтынушыны жылумен қамтамасыз етеді.

Кесте бойынша «АлЭС» АҚ энергия жабдықтарын жаңғырту жүргізіліп жатыр. 1-ЖЭО-да жұмыстар қазан айында, 2- ЖЭО-да және Каскад ГЭС-те қараша айында аяқталады. Жаңғырту жылыту маусымының дайындығына әсер етпейді.

Жылу магистральдарын қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын. Қалада үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. 
 

Өзгелердің жаңалығы