Алматыда жерүсті өткелінің есігін сындырған сотқар жазаланды

9 Наурыз 2019, 11:46
2116
Бөлісу:
Алматыда жерүсті өткелінің есігін сындырған сотқар жазаланды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған сотқарды жерүсті өткеліндегі шыны есікті сындырғаны үшін жазаға тартты.

Жастардың бұзақылық жасаған видеосы instagram-да тараған болатын. Кадрлардан жас жеткіншектің жерүсті өткеліндегі мүгедектерге арналған жеделсатының шыны есігін сындырып жатқанын және жақын маңда тұрған полиция көлігін көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары жасөспірімдердің бұл әрекетін қатаң сынға алған еді.

«Бейнематериалға сараптама жасау кезінде сотқарлық әрекет қала халқының ең тығыз орналасқан бөлігінде орын алғаны белгілі болды. Тексеріс кезінде 2003 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған азаматтың жеке тұлғасы анықталды. Жас жеткіншек мұндай әрекеттің салдарын түсінбеген, дегенмен ол және ата-анасы жауапкершіліксіз қалмайды. Оныншы сынып оқушысы толыққанды отбасында тәрбиленуде. Ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді»,-дейді Алматы қаласы ПД Жасөспірімдер полициясы бөлімінің басшысы Ләйлә Әліпбаева. 

Материал Алатау ауданы ПБ-да тіркелген және Алматы қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар Арнайыландырылған ауданаралық сотына жөнелтіледі.

Өзгелердің жаңалығы