Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

6 Наурыз 2023, 17:10
1476
Бөлісу:
Алматы тауларында қар көшкіні жүрді
Фото: Қазселденқорғау

6 наурыз күні таңда Алматы тауларында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ сілтеме жасап.

Көшкен қар массасы Медеу – Шымбұлақ тас жолының бір бөлігін жартылай жауып тастады. Тазалық уақытылы жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ.

"Қазгидромет" 5-7 наурызда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертті.

"Қазселденқорғау" мамандары қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шықпауды сұрады. Алдағы күндері тауға шығудан бас тартқан жөн.

Өзгелердің жаңалығы