Алматы-Ташкент тас жолында жолаушылар автобусы аударылды

8 Тамыз 2023, 07:17
546
Бөлісу:
Алматы-Ташкент тас жолында жолаушылар автобусы аударылды
Фото: polisia.kz

7 тамыз күні сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 720 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Van Hool автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратқан. Осылайша, автобус қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысады. Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған автобус апатқа дейін Жетісай қаласынан Астана қаласына жолаушы тасымалдаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы