"Алматы-Сеул" бағытындағы рейстер ұлғайтылады

20 Ақпан 2024, 09:35
379
Бөлісу:
"Алматы-Сеул" бағытындағы рейстер ұлғайтылады
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өтті.

"Алматы-Сеул" бағытындағы рейстер ұлғайтылады

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Талғат Ластаев T ' Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы