Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды

19 Ақпан 2019, 11:05
6107
Бөлісу:
Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аталған орталықтың салтанатты ашылуы болды.

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды

Дәрісханада жас ақындар айтыс өнеріне қатысты сабақтар алып, өз өнерлерін шыңдамақ.

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды

“Ауызша авторлық поэзия мен жазба әдебиеттің тұтас құбылысы осы жерде сарапталып, студенттердің дайындық деңгейлері негізгі сабақ түрінде талқыланып отырады. Сондай-ақ, әдеби ізденістерге қатысты қандай ғылыми жетістіктер болып жатыр, соның бәрі орталықта талқыланып отырады. Дәрістер өткізіліп, әдеби-танымдық шаралар өткізіліп отырады”, - дейді профессор Темірхан Тебегенов.

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды

Ақын Оразалы Досбосынов білім алған бұл білім ордасы биыл 90-жылдық мерейтойын атап өтуде. 

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды

Орталықтың ашылуы еліміздің жас ақындарының айтысымен жалғасуда. 

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды

Оған 50-ден аса студент қатысуда, бүгін іріктеуден өткен ақындар ертең жүлделі орындарға таласпақ.

Әділет Мұсахаев, фото - автордікі

Өзгелердің жаңалығы