Алматы онкология орталығында дәрі беретін робот іске қосылды

Қазір Алматы онкологиялық орталығында 38 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр. Жыл сайын медициналық мекеме 27 мыңнан астам адамға көмек көрсетеді.

 Алматы қаласы әкімдігі 7 Қыркүйек 2026, 23:52
7 Қыркүйек 2026, 23:52
89
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
​Алматы онкологиялық орталығында дәрі-дәрмекті қабылдау, сақтау, дайындау және пациенттерге беру жұмыстарын автоматтандыратын роботтандырылған дәріхана кешені іске қосылды.

Жаңа жүйе әр препаратқа жеке код беріп, оның медициналық мекемеге келгеннен бастап науқасқа берілгенге дейінгі қозғалысын цифрлық түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша дәрі-дәрмекті есепке алу процесі жеңілдеп, адам қателігінің ықпалы азаяды. Орталықта препараттарды арнайы жабық әрі герметикалық жағдайда дайындайтын жүйе де енгізілді.

Қазір Алматы онкологиялық орталығында 38 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр. Жыл сайын медициналық мекеме 27 мыңнан астам адамға көмек көрсетеді.

Соңғы сегіз жылда орталықтағы емдеу қызметтерінің көлемі 2,5 есеге артқан. Ал онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 46%-дан 75%-ға дейін жоғарылаған.

Наверх