Алматы облысының Кеген ауданында сел жүрді

7 Шілде 2023, 15:27
5588
Бөлісу:
Алматы облысының Кеген ауданында сел жүрді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы облысының Кеген ауданында сел жүріп, жол опырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 6 шілде күні кешке қарай болған.

Сағат 18.35-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кеген ауданында жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан Саты ауылынан екі шақырым жердегі Саты Сай шатқалында жергілікті маңызы бар автожолын су шайғаны туралы хабар келіп түскен.

Салдарынан жолдың негізіне зақым келген. Ұзындығы 300 метр жол төсемі опырылған. Дегенмен жолмен өтуге мүмкіндік бар. Жол қызметі ескерту белгілерін қойып, СМС-хабарлама таратты, - деп жазылған департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Бұл аумақтан жоғарыда елді мекендер жоқ, халық тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ.

Жолдың опырылған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары комиссия зерттеу жүргізгеннен кейін жүргізіледі. Оқиға орнына депаратменттің 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазселден қорғау» мекемесінің 2 жұмысшысы мен 1 техникасы, әкімдіктің 3 жұмысшысы мен 1 техникасы шыққан, - делінген ресми мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы