Алматы облысында жыл басынан бері 500-ден астам жол апаты болды

13 Қараша 2020, 00:33
952
Бөлісу:
Алматы облысында жыл басынан бері 500-ден астам жол апаты болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Алматы облысында жол апатынан 260 адам көз жұмды.

Алматы облысының тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі белгіленген жылдамдық режимін сақтамау салдарынан орын алып жатқанын айтты. Тек осы себепті жыл басынан бері 500-ден астам апат болған. 
Жалпы, Алматы облысы бойынша жыл басынан бері 1743 жол-көлік оқиғасы болып, 260 адам көз жұмды. Оның 503-і белгіленген жылдамдық режимін сақтамау салдарынан болды, онда 102 адам қаза тауып, 848 адам жарақат алды. Егер әкімшілік жазалар бойынша цифрларды алатын болсақ, жыл басынан бері облыс аумағында жылдамдық режимін асырғаны үшін 16 307 әкімшілік хаттама жасалды, - деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Мейір Демеубаев. 

Осыған байланысты Республикалық маңызы бар автожолдарға «КРИС-П» автомобиль радарлары мен фоторадарлық кешендері қойылады. 

Тек бір тәулік ішінде жоғарыда аталған техникалық құралдардың көмегімен жылдамдық режимінің екі жүзден астам бұзылуы анықталды. Сондай-ақ, жүргізушілерден қысқы кезеңнің жақындауына және ауа райының нашарлауына байланысты, қауіпсіздік мақсатында жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақтылы ауыстыруларыңызды сұраймыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз, өйткені бұл бәріміздің қауіпсіздігіміз!, - деп толықтырды полиция майоры Мейір Демеубаев.
Өзгелердің жаңалығы