Алматы облысында жол апатынан үш ересек адам мен төрт бала қайтыс болды

20 Маусым 2021, 04:40
2341
Бөлісу:
Алматы облысында жол апатынан үш ересек адам мен төрт бала қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Құлжа тас жолында болған апат салдарынан жеті адам қаза тапты, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат 19 маусымда Еңбекшіқазақ ауданының Байсейіт ауылының маңында болған. Toyota RAV-4 және Audi C4 көліктері соқтығысқан.

Жол апатынан жеті адам қаза тапты: үш ересек адам (екі көліктің жүргізушілерін қосқанда) және төрт кәмелетке толмаған бала. Тағы үш адам жақын ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы облысының полиция департаментінде көрсетілгендей, апат сағат 18:15-те «Алматы – Көкпек – Көктал» тас жолының 134-ші шақырымында болды. Қайтыс болғандардың арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен төрт айлық нәресте бар екен.

Өзгелердің жаңалығы