Алматы облысында жаңа автобус бағыты ашылды

24 Наурыз 2023, 22:01
777
Бөлісу:
Алматы облысында жаңа автобус бағыты ашылды
Фото: kaztag.kz

Қоғамдық көлік Қаскелең мен Алматы арасында жүре бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-сілтеме жасап.

230-шы маршрут Қаскелеңнен шыққан соң Алматыдағы Төле би-Cайын көшелерінің қиылысына дейін барады. Бұл жолаушылар үшін өте қолайлы. Бұдан бөлек, аудандағы 5 ауыл арасын жалғайтын 78-ші бағыттағы автобустар жүріп тұр. Жалпы, осы екі маршрут арқылы айына 340 мың жолаушы тасымалданған. Айта кетейік, өңірдегі қоғамдық көлік мәселесін реттеуді Президент былтыр облысқа жасаған жұмыс сапарында тапсырған еді. 

Келесі маршрутымыз бар. Ол КИЗ-Жалпақсай дейді. Осы Қарасай ауданына қарасты. Ол жерде 9 автобусымыз жүреді қазір. Ол КИЗ Жалпақсайдың соңғы аялдамасынан бастап ауыл шетіндегі, Абай-Момышұлы көшеге барады. Абай-Момышұлы қаладағы метростанцияға барады. Сол жерден кері қайтады, - дейді автопарк директоры Дәулет Жандыбаев.

Өзгелердің жаңалығы