Алматы облысында сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазселденқорғау» мекемесіне сілтеме жасап.
Су тасқынының әсерінен 22 шілде күні түнгі 00:30 шамасында Талғар бөгетінің бөрене ұстағышында жер дамбасының оң жағын су шайып кеткен.
Салдарынан ұзындығы - 5,5 м, ені - 3 м, тереңдігі - 1,2 метрлік, көлемі шамамен 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды. Оны қалпына келтірумен «Қазселденқорғау» филиалы айналысады.
Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде, - делінген хабарламада.
«Қазселденқорғау» Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне (көпір өткелдеріне) мамандардан құралған мобильді бақылау бекеттерін қойды.
«Сел» дабылын алғаннан кейін шұғыл түрде селдің қауіпті аймағынан демалушылар эвакуацияланды.
Бас-аяғы - шамамен 150 адам.