Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт сөндірілді

27 Қаңтар 2024, 15:23
369
Бөлісу:
Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт сөндірілді
Фото: Архив BAQ.KZ

Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының жанғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Қарапайым ережелерді сақтау - өрттің қаупін едәуір азайтады.

Өзгелердің жаңалығы