Алматы облысында бұрын сотты болған азамат түрмеге 12 телефон өткізбек болды

3 Маусым 2022, 07:42
1529
Бөлісу:
Алматы облысында бұрын сотты болған азамат түрмеге 12 телефон өткізбек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 103 ЛА-155/14 мекемесінде бұрын сотталған ер адам колонияға 12 телефон өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Заречный кентінде ЛА-155/14 колониясына тыйым салынған заттарды өткізбек болған азаматты ұстады. Бұрын сотты болған ер адамнан ішінде 12 телефон бар скотчпен оралған төрт бума табылып, тәркіленді

Оқиға орнына Қонаев қалалық ІІБ-ның тергеу-жедел тобы жұмылдырылды. Бұған дейін ер адам сол мекемеде жазасын өтеген.

Өзгелердің жаңалығы