Алматы оқушылары үшін 51 720 компьютер жабдығы әзірленді

10 Қыркүйек 2020, 13:16
1173
Бөлісу:
Алматы оқушылары үшін 51 720 компьютер жабдығы әзірленді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы білім Басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматыда 1 қыркүйектен бастап 27 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барған. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін қаладағы 205 мектеп қашықтан оқыту жұмысын жүргізіп жатыр. 
Адам аз тұратындықтан және шалғайда орналасқандықтан Көлсай мен Сұлусай ықшамауданындағы №194, 197 мектептер оқуларын штаттық режимде жүргізуде. Қаладағы ата-ананың өтініші бойынша 3 353 бала кезекші топта білім алып жатыр. Кезекші топтар санитарлық-эпидемиалогиалық талаптарды қатаң сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады, - дейді ол. 
Сонымен қатар, ол компьютерлік техникасы жоқ балаларды компьютермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. 
Бүгінгі таңда мектептерге 9 900 ноутбук сатып алынып, жеткізілді. Жергілікті бюджет есебінен 22 212 планшет, 11 042 компьютер алынып, жеткізілді. Осы сәттегі жағдай бойынша барлығы 51 720 компьютерлік жабдық әзірленді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы