«Алматы марафонының» қатысушысы мәреге жеткен соң көз жұмды

25 Қыркүйек 2022, 14:44
6965
Бөлісу:
«Алматы марафонының»  қатысушысы мәреге жеткен соң көз жұмды

Алматы қаласында өтіп жатқан "Алматы марафонының" 47 жастағы қатысушысы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпарат "Алматы марафоны" сайтында жарияланды.

Мәреде кезекшілікте жүрген жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, қатысушы Республика алаңында мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр өткеннен кейін бірден құлаған.

Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті еріктілер көрсетті. Одан кейінгі жүрек-өкпе реанимациясы қалалық жедел жәрдем стансасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бастапқыда жүрек іске қосылды, синус ырғағы пайда болды, 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта басталды. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның ішінде соңғы 10 минут жедел жәрдем көлігінде жасалды. 10:15-те қатысушы қайтыс болды. Ресми себеп сот-медициналық сараптамадан кейін ғана аталуы мүмкін, - деді Оразбек Сахов. 

Өзгелердің жаңалығы