Алматы көшелері 100%-ға жарықтандырылады

21 Тамыз 2020, 15:35
1742
Бөлісу:
Алматы көшелері 100%-ға жарықтандырылады

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов instagram парақшасында жазды. 

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы көшелер мен аулалардағы жарық жүйесінің деңгейіне байланысты. Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілген.
Биыл пандемия мен карантиндік режимге байланысты бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кештеу, яғни 1 шілдеден басталды. Бұл аудандарда 157 көшеге жарық жүйесін орнатамыз. Бүгінде көшелердегі жарық жүйесінің деңгейі - 71%. Жалпы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қаланың барлық аудандарының 2024 көшесіне жарық жүйесін орнату қажет. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы