Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әуежайында ұмыт қалған чемодандар сатылып жатыр ма

9 Маусым 2025, 13:47
704
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайында ұмыт қалған чемодандардың жаппай сатылымы басталды деген ақпарат таралуда. Мәліметке қаысты бүгін әуежай әкімшілігі жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Олардың мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әуежай ешқандай сату, акция немесе аукцион өткізбейді және ұйымдастырмайды.

Сақ болыңыздар, алаяқтардан абай болыңыздар! Біз мұндай хабарландыруларға қатысымыз жоқ және күмәнді сілтемелерге өтпеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және жеке деректеріңізді жария етпеуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін мессенджерлер мен түрлі пабликтерде ұмыт қалған чемодандарды арзан бағада сатып алуға болады деген мазмұндағы хабарламалар таралған. Кейбір жағдайларда «сатып алушылардан» алдын ала төлем жасау немесе жалған сайттар арқылы тапсырыс рәсімдеу талап етілген.

Өзгелердің жаңалығы