Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

30 Желтоқсан 2022, 13:42
723
Бөлісу:
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайында ұшақтар кешігіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мегаполис әуежайының онлайн таблосына сәйкес, Алматыдан Таразға, Астанаға, Мәскеуге, Атырауға, Душанбеге, Қостанайға, Өскеменге 10 шақты рейс кешігіп жатыр.

Жалпы Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті рейс кешіксе, әуе компаниялардан жолаушылар өтемақы талап ете алатынын мәлім еткен еді.

 

Өзгелердің жаңалығы