Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әуежайында ер адам әзілі үшін жазаланды

11 Маусым 2025, 14:20
840
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астананың әуежайында 30 жастағы Алматы тұрғыны сәтсіз әзіл үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыға ұшатын рейске тіркелу кезінде ер адам тыйым салынған заттар туралы сұраққа «иә» деп жауап берген, бірақ бірден бұл әзіл болғанын түсіндірген. Соған қарамастан ықтимал қауіп туралы хабар тіркеліп, полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізуге кірісті.

Эвакуация жасауға негіз табылмады, және әуежай қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.

Тексеру нәтижелері бойынша аталған азамат ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды, – деді көліктегі полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы