«Алматы-Астана» бағытында қосымша пойыздар қосылады

21 Қараша 2023, 12:07
430
Бөлісу:
«Алматы-Астана» бағытында қосымша пойыздар қосылады
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы үкімет отырысынан соң «Қазақстан темір жолының» басшысы Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыдан Астанаға дейін билет жоқ. Билетті сату мерзімі 45 күн бұрын ашылады. Өздерінің сапарын жоспарлаған адамдар билетті 40-45 күн бұрын сатып алады. Қазір бұл жағдайға байланысты біз жаңа жылдық кезеңде (автор: жаңа жылға қарай) «Алматы-Астана» бағытына қосымша пойыздарды қосамыз,-дейді Нұрлан Сауранбаев.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов еліміздің темір жол саласы туралы айтып, "ҚТЖ қызметіне қатысты шағым көп" деп мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы