Алматы әкімі феминистік шеруге неге рұқсат етілмегенін айтты

15 Ақпан 2024, 11:42
446
Бөлісу:
Алматы әкімі феминистік шеруге неге рұқсат етілмегенін айтты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны 8 наурызда шеру мен митинг өткізуге рұқсат алуға бірнеше рет өтініш бергенін, алайда әкімдіктің қоғамдық тәртіпті бұзатынын айтып, үш рет бас тартқанын жеткізді. Алайда 2021 жылы митингке әкімдік рұқсат беріп, құыққорғау органдары қауіпсіздікті қамтамасыз еткенін атап өтті. 

Қала әкімі тұрғынның сұрағына жауап беріп, 8 наурызда феминистік шеру мен митинг өткізуге неге рұқсат бермейтінін айтты.

Біріншіден, 2021 жылдан кейін көп нәрсе өзгерді. Екіншіден, митингілерді өткізуге ешкім өтініш берген жоқ, тек шеруге өтініш берді. Заңнамалық тәртіпке байланысты жауап берілді, түсініктемелер бар. Қоғамдық даму басқармасының жауабы өзгеріссіз қалады. Егер өтініш басқа форматта берілсе, біз тағы да қарастыратын боламыз, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ерболат Досаев Алматының басты мәселесін атады.

Өзгелердің жаңалығы