Алматы әкімдігі өнімді тікелей жеткізу бойынша меморандумға қол қойды

6 Тамыз 2021, 12:31
6354
Бөлісу:
Алматы әкімдігі өнімді тікелей жеткізу бойынша меморандумға қол қойды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек маусым айының соңында әкімдік Алматы мен Алматы облысының өңіраралық ынтымақтастығы аясында меморандумға қол қойғанын айтты.

Енді сүт, сүзбе, сиыр еті, күнбағыс майы және басқа да өнімдер мегаполиске тікелей жеткізілетін болады.

Дамир Тазабек «Magnum» сауда желілеріне сүт, сүзбе жеткізуге «ОДС Cүт»-пен келісімшарт жасалғанын айтты. Сонымен қатар «Naz-Dana» шаруа қожалығы Small and Toimart сауда желілеріне 1000 тонна пияз жеткізеді. Сауда желілеріне «Агрокомплекс Жетісу Мажико» күнбағыс майы, «Агрофирма Бірлік» ЖШС мен «Тамшы-Бұлақ» ЖШС сиыр еті мен «Динара Ranch» күріші жеткізіледі.

Сонымен қатар басқарма басшысының орынбасары Алматыда қарақұмықтың ең жоғары бағасы - 361 тг/кг (30 наурызға дейін жарамды) мен жұмыртқа - 487 тг/он бірлігі (30 маусымға дейін жарамды) белгіленгенін еске салды.
Қазіргі кезде ақ қырыққабаттың рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасын белгілеу 30 күнтізбелік күн ішінде 83 тг/кг әзірленуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалаға апта сайын тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының барлық аудандарында «демалыс күндері» азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Алматы облысының жақын аудандарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері, сондай-ақ Алматының азық-түлік кәсіпорындары қатысады, - деді Тазабек.
2021 жылдың басынан бері 350-ге жуық жәрмеңке өткізілді, онда 3 мың тоннаға жуық өнім 30 млн-нан астам теңгеге сатылдған.

Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін төмен бағамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс бақылауда болады.

Өзгелердің жаңалығы