Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы әкімдігі істен шыққан автобустарды 160 миллион теңгеге сатқан

10 Маусым 2025, 15:42
751
Бөлісу:
 e-auction.e-qazyna.kz
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Алматыда Электронды сауда алаңы арқылы бұзылған әрі техникалық ақауы бар 573 автобус сатылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл автобустардың теңгерім ұстаушысы – "Алматыэлектротранс" ЖШС. Электрондық сауда ресурсында жарияланған ақпаратқа сәйкес, лоттың бастапқы бағасы 93 миллион теңге болған. Сауда нәтижесінде көлік құралдары 160 миллион 332 мың теңгеге сатылған.

Алматы әкімдігі істен шыққан автобустарды 160 миллион теңгеге сатқан
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Лотты кім ұтқаны жазылмаған. Алайда "Алматыэлектротранс" компаниясында автобустарды "Арда Құрылыс" ЖШС сатып алғанын айтты.

Техникалық тапсырма шарттарына сәйкес, жеңімпаз мүлікті 60 күн ішінде өзі алып кетуге міндетті. Қажет болған жағдайда автобустарды бөлшектеу оларды сақтау аумағынан тыс жерлерде жүргізілуі тиіс.

Алматы әкімдігі істен шыққан автобустарды 160 миллион теңгеге сатқан
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Есептен шығарылған автобустар Алматы облысы, Қайназар ауылында, "Дархан" ЖШС аумағында сақталып тұр.

Айта кетейік, бұл автобустар 2025 жылдың 2 мамырында сатылымға шығарылған, алайда аукцион өтпеген. Сосын Алматы әкімдігі ескі автобустарды қайта аукционға шығарды.

Өзгелердің жаңалығы