Алимент төлеуден жалтаратындар қандай қулыққа баратыны белгілі болды

7 Маусым 2023, 16:11
815
Бөлісу:
Алимент төлеуден жалтаратындар қандай қулыққа баратыны белгілі болды

Әдетте елдегі борышкерлер қандай қулыққа баратыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді, бұл теріс пиғылды борышкерлерге табыстарын жасанды түрде азайтып көрсетуге, атап айтқанда, бұрмалау, құжаттарды бұрмалау, жұмыс берушімен жалған келісімшарттар жасауға жол береді. Әдетте, бұл борышкерлердің көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, өздеріне ең төменгі жалақы 70 000 теңгеге жуық белгілейді, - деп атап өтті палата төрағасы.

Айтуынша, балалардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкiлеттi органның бастамасымен алимент төлемдерiнiң мөлшерiн қайта қарау мәселелері бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Сонымен қатар Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп борышкерлердің жасырын табыстарын, мысалы, такси қосымшалары, курьерлік қызметте жұмыс істейтін адамдардың табыстарын анықтау мәселелерін пысықтап жатыр, - деді Айдос Иманбаев.

Өзгелердің жаңалығы