Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркістанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Астана мен Баку арасындағы одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығая түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Түркістанның екіжақты байланыстарды дамытудағы ерекше маңызын атап өтті.
Көне тарихы мен бай мәдениеті бар Түркістан қаласында болғаныма өте қуаныштымын. Түркістан – Әзербайжанның мәдени астанасымен бауырлас болған алғашқы қала. Бұл біздің бауырлас қарым-қатынасымыз үшін ерекше мәнге ие, – деді Әлиев.
Әзербайжан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатқа ие екенін және оның дәйекті түрде дамып келе жатқанын айтты.
Соңғы бес жылда мен Қазақстанға сегізінші рет келіп отырмын. Ал президент Тоқаев Әзербайжанға алты мәрте сапар жасады. Төрт жыл бұрын қол қойылған декларация біздің қарым-қатынасымызды одақтастық деңгейге көтерді, – деді ол.
Еске салайық, Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.
Президент Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітілетінін айтты.
Тоқаев Turkic AI орталығы ашылатынын хабарлады.
Саммитте Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық база жасалатыны айтылды.