Әлі де бірқатар шектеу бар. Мамин 2020 жылды қорытындылады

12 Қаңтар 2021, 10:31
1447
Бөлісу:
Әлі де бірқатар шектеу бар. Мамин 2020 жылды қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин 2020 жылды қорытындылады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Дегенмен кейбір өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлі де бірқатар шектеу бар. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануымен қатар қызмет көрсету секторы да біртіндеп қалпына келе бастады. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда сауда және байланыс салаларын қалпына келтіру қарқыны жалғасуда, - деді Асқар Мамин. 

Оның айтуынша, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 10 өңірде 7 негізгі көрсеткіштің бесеуі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары. Төрт өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. Олар – Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары мен Алматы қаласы. 

2020 жыл күрделі болды. Бірақ барлық сын-қатерлерді дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында еңсердік. Қазіргі жаһандық экономикалық жағдайда Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету – партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру арқылы қамтамасыз ету керек. Осының арқасында, ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалынады. Осыған байланысты барлығымыз партияның бағдарламасын іске асыруға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы