Алғаш рет ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді

22 Тамыз 2023, 14:10
535
Бөлісу:
Алғаш рет ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндағы мақсат – ауылдық мектептердің дарынды, талантты оқушыларын анықтау, оларға қолдау білдіру, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру. Осындай интеллектуалды сайыстар жаңа 2023-2024 оқу жылында бірінші рет өткізіледі.

Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады.

Ол аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады. Қорытынды кезеңнің қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу үшін қабылданады. І-дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, оқушыны олимпидаға дайындайтын тәлімгер-ұстаздар үшін де дайындық жиындарын өткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы