Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына тексеріс жүргізілді

7 Шілде 2022, 11:25
1387
Бөлісу:
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына тексеріс жүргізілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АMANAT» партиясының жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері Алматыдағы Magnum Cash & Carry дүкеніндегі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тексерді.

Кеңес төрағасы, мәжілісмен Аманжан Жамаловтың айтуынша, азық-түлік тауарлары бағасына әкімшілік тарапынан жүргізілетін қадағалау жұмыстарының кесірінен, басқа сауда нүктелері өндірушілер мен сауда желілерін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысудан қашқақтап отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын ұстап тұру үшін олар қаражат алады. Соған қарамастан бұл бағдарламаның тиімділігі әлі де болса мардымсыз.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына тексеріс жүргізілді

Баға өсіп кетпеуі үшін бюджеттен ең қажетті және әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға ақша бөлінген. Тұрғындардың айтуынша, ақша бөлінгеніне қарамастан, өнімдердің бағасы қымбаттауда. Мәселені шешу үшін қазіргі уақытта басқа шаралар қарастырылып жатыр. Мысалы, мұқтаж отбасыларға азық-түлік алу үшін әлеуметтік карталар арқылы ақшалай көмек беруге болады. Халыққа көмектесудің жолын табу керек, - деді халық қалаулысы.

Айта кету керек, жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында мемлекет сауда кәсіпорындарына жылдық 0,01 пайызбен ақша бөледі. Соның ішінде «Magnum» сауда желісі Алматы қаласының әкімдігімен осындай келісім-шарт жасағандардың бірегейі. 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына тексеріс жүргізілді

Әрине, бағаның өсуі - бұл біздің кәсіпкерлердің қолдан жасап отырғаны емес. Оған көптеген факторлар атап айтқанда, басқа елдердегі инфляция, минералды тыңайтқыштардың қымбаттауы және тағы сол сияқты жағдайлар әсер етеді. Дегенмен, бағаны ұстап тұру үшін шаралар қабылдау керек. Көптеген сауда желілерінің бұл бағдарламаға қатысқысы келмеуінің себебі, олардың бағаны ұстап тұруға қарсы болғандығынан емес, өздерін шамадан тыс тексеруді қаламағандығынан, - деді Аманжан Жамалов.

Кейбір сатып алушылар мерзімі өткен тауарларды төмендетілген бағамен алады. Бұған жол бермеу үшін аманаттықтар осы өнім түрлеріне арнайы белгі жапсыруды ұсынды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына тексеріс жүргізілді

Мониторинг жұмысын қорытындылаған партиялықтар қазіргі уақытта жеңілдетілген несие беру бағдарламасына «ТойМарт», «Asyl Meat», «Милихан» ЖК, «Солнечный» сүт зауыты сияқты басқа да сауда желілері мен өндірушілерді тарту жұмыстары қарастырылып жатқанын атап өтті.

Іс-шараға партия қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов, «Magnum Cash&Carry» басқарма төрағасы Азамат Османов және салалық ведомстволардың өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы