BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс ушығып барады
2025 жылдың маусы15–16 маусымда Иран "Шынайы уәде–III" әскери операциясының аясында Израиль аумағына 150-ден астам баллистикалық зымыран және 100-ге жуық ұшқышсыз ұшу құрылғыларын (дрондарды) жіберді. Тегеран мен Исфахан қалаларында жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметкерлер қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Иран тарапынан 220-дан астам адам қаза тауып, 1200-ден астамы жарақат алған.
Халықаралық қауымдастық екі тарапты сабырға шақырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізу мәселесін көтеруде. АҚШ президенті Дональд Трамп Иран егер Израильге төнген қауіптен асып түсетін әрекеттер жасаса, Америка араласуға дайын екенін мәлімдеді. Германия, Франция, Ұлыбритания мен Қытай бейбіт келіссөздер бастауға шақырып отыр. Ал Иран тарапы ядролық қаруға ие болмайтынына кепілдік беретін келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи айтты.

Оңтүстік Еуропада туризмге қарсы наразылықтар өршіп тұр
Испания, Италия және Португалияда жергілікті тұрғындар "овер-туризмге" қарсы ірі шерулер ұйымдастырды. Барселонада, Лиссабонда және Венецияда жүздеген адам туристерге бағыттап су тапаншалармен, түтін шашқыштармен және фейерверкпен наразылық білдірді. Олар Airbnb және басқа да қысқа мерзімді жалға беру қызметтеріне тыйым салуды талап етіп, жергілікті өмір сүру деңгейінің төмендеуіне және баспана бағасының күрт өсуіне себепкер ретінде шетелдік туристерді айыптап отыр.
Қоғамдық белсенділердің айтуынша, "туристік бизнес" қарапайым тұрғындардың күнделікті тұрмысын қиындатып жіберген. Билік бұл талаптарды қарап жатыр, кейбір қалалар туристік салықты көбейту және туристер ағынын шектеу тетіктерін енгізуді қарастыруда.
Сонымен қатар Трамп әкімшілігі де саяхатқа шектеулерді айтарлықтай қатайтып, тағы 36 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салуды қарастыруда.

АҚШ-та FIFA Клубтар арасындағы Әлем кубогы басталды
15 маусымда АҚШ-та FIFA ұйымдастырған Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жаңа форматы бойынша алғашқы матчтар өтті. Турнирге әлемнің әр түкпірінен 32 клубтық команда қатысуда. Олардың қатарында: "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Манчестер Сити" (Англия), "Ривер Плейт" (Аргентина), "Барселона" (Испания) және басқалары бар.
Финал 13 шілдеде Нью-Йорктегі әйгілі MetLife Stadium аренасында өтеді. Бұл турнир – футбол тарихындағы ең ауқымды клубтық жарыстардың бірі болып отыр. Матчтар Пасадена, Атланта, Майами және Даллас сияқты қалаларда өтеді.
.jpg)
Сауд Арабиясында қажылыққа қатысты жаңа талаптар енгізілді
Сауд Арабиясы 16 маусымнан бастап қажылық пен умра визаларын беру тәртібіне жаңа өзгерістер енгізді. Енді Меккеге барғысы келетін шетелдік азаматтар Nusuk Masar платформасы арқылы алдын ала қонақ үй бронін растауы тиіс. Бұл жаңашылдық туристер ағынын басқару және қажылық ұйымдастыру процесін жүйелеу мақсатында енгізілген.
Айта кетсек, жақында қажылыққа барған Түркияның 14 азаматы қайтыс болған.

Халықаралық саммиттер: G7 мен НАТО
Канадада 15-17 маусым аралығында әлемнің жетекші елдері – G7 саммитіне жиналды. Күн тәртібінде Таяу Шығыс қақтығысы, климаттың өзгеруі және жаһандық экономика мәселелері қарастырылуда. Ұлыбритания мен Германия басшылары Израиль мен Иран арасындағы шиеленісті тоқтатуға бағытталған халықаралық дипломатиялық миссия ұйымдастыруға шақырды.
Келесі аптада (24-25 маусым) Гаагада НАТО саммиті өтеді. Онда Еуропаның қауіпсіздігі мен Украинадағы жағдайға баса назар аударылады