Әлем чемпионына құрмет көрсетілді

4 Ақпан 2022, 21:53
2488
Бөлісу:
Әлем чемпионына құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Бекзат Жасия Түркістанға ат басын бұрды. Чемпион облыстық Жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаевтың шақыртуымен келген. Келелі кездесуде Әбілсейіт Оразақынұлы мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

Әлем чемпионына құрмет көрсетілді

Әлем чемпионатында Көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымыздың үнін асқақтатқан жеңісіңізбен құттықтаймын. Ел игілігі үшін көтерген жаңа бастамаларыңыз бен тың мақсаттарыңыз орындалсын. Толағай табыстарға жете беріңіз. Өңірімізде спорт саласын дамытуға әрдайым қолдау көп. Соның нәтижесінде өзіңіздей спорт саңлақтары әлемді мықтылығымен мойындатуда, – деді генерал-майор.

Әлем чемпионына құрмет көрсетілді

Басқосуда спортшы жекпе-жегінің жарқын сәті көрсетілген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Жиын соңында әлем чемпионына Алғыс хат, сондай-ақ Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорттық киімі табысталды.

Бекзат — Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылының тумасы. 28 жастағы Ұлттық кауіпсіздік лейтенанты бұған дейін спорттағы жолын қалыптастырған. Атап айтқанда, джиу-джитсудан және ММА бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, грек-рим күресінен спорт шебері.

Өзгелердің жаңалығы