Әлем чемпионаты: Азамат Дәулетбеков «қола» жүлде алды

18 Қыркүйек 2023, 06:17
2655
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Азамат Дәулетбеков «қола» жүлде алды
Фото: olympic.kz

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдегер атанды. Оған қоса 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 3-орын үшін сайыста бахрейндік Магомед Шариповті қапы қалдырды.

Белдесу өте тартысты өтті. Соңғы секундтарда Азамат қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберіп тұрған еді. Әбжіл қимылының арқасында қарсыласына әдіс қолданып, жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол созды. Оған қоса 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды

Азамат Дәулетбеков алдымен литвалық Доманатас Павлюшенконы қапы қалдырса, одан кейін ресейлік Арслан Багаевтан басым түсті.

Ал ширек финалда ол франциялық балуан Рахим Магамадовты 10:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда Дэвид Тейлорға есе жіберді.

Азамат Дәулетбеков 1994 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2022 жылы әлем чемпионатында қола жүлде алса, Азия чемпионатында 2022, 2023 жылдарда бас жүлдеге ие болды.

Өзгелердің жаңалығы