Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге, яғни 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек 5 ақпанға жақын солтүстік-батыс циклоны елдің батысына өтіп, соның әсерінен жел тұрып, жауын-шашынды болады. Еліміздің басым бөлігін тұман басады.
Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта 20-30 градусқа дейін аяз сақталады, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонның елеулі өзгерістері күтілмейді.