Бейжіңде қысқы Олимпиаданың алау эстафетасы басталды

Бейжіңде қысқы Олимпиаданың алау эстафетасы басталды
699

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасы Бейжіңде Олимпиада алауының эстафетасы басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиадалық саябақтан бастау алды.  Алау эстафетасын ресми түрде Қытай мемлекеттің кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты. 

Ғаламдық пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығы біршама қысқарды. Коронавируты инфекцияның алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендер қатыспайды. Одан бөлек, алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру көзделген. 

Эстафета үш олимпиадалық кластердегі 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 алау ұстаушы қатысады. Сондай-ақ, тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, машиналар да алып жүрмек. 

 


Фото: дереккөз