Алдағы күндері 35 градус ыстық болады

15 Маусым 2022, 14:31
1102
Бөлісу:
Алдағы күндері 35 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 16-18 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Алдағы үш тәулікте айтарлықтай өзгерістер болмайды. Жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 16 маусымда ел шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Елдің солтүстік және орталық өңірлерінің тұрғындарын, нағыз жазғы ауа райы қуантады. Күндізгі ауа температурасы біртіндеп 25-30 градусқа дейңн көтеріледі, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 ыстық болады.

Өзгелердің жаңалығы