Алаяқтар енді сіздің атыңызға шот аша алмайды: Қазақстанда жаңа тетік іске қосылады

13 Қараша 2026, 13:43
АВТОР
 ©️ BAQ.KZ коллажы 13 Қараша 2026, 13:43
13 Қараша 2026, 13:43
119
Фото: ©️ BAQ.KZ коллажы
Қазақстанда азаматтардың келісімінсіз олардың атына банк шоттарын ашуға және жаңа карта шығаруға тыйым салатын тетік іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Оның айтуынша, Ұлттық банк бұл бастаманы қолдайды және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, жаңа тетікті іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңа жүйе азаматтарға банктің немесе басқа қосымшаның интерфейсі арқылы өз атына жаңа шот ашуға немесе банк картасын шығаруға өз еркімен тыйым салуға мүмкіндік береді. Осылайша, адамның келісімінсіз оның атына банк шотын ашу мүмкіндігі шектеледі.

Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан StopCredit сервисі бар. Ол азаматтарға кез келген басқа қосымша арқылы өз атына несие рәсімдеуге тыйым салуға мүмкіндік береді. Енді соған ұқсас тетікті жақын арада іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді Бинұр Жәленов.

Бинұр Жәленов. ©️ BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Ұлттық банк өкілінің сөзінше, қазір бастаманы жүзеге асыру үшін тиісті заңнамалық түзетулер әзірленіп, технологиялық инфрақұрылым дайындалып жатыр.

Жаңа жүйенің нақты іске қосылу мерзімі мен жұмыс істеу тәртібі барлық мәселе пысықталғаннан кейін жарияланады.

Наверх