Алаяқ жамбылдық тұрғынды 11 млн теңгеге алдап кетті

7 Сәуір 2023, 07:48
949
Бөлісу:
Алаяқ жамбылдық тұрғынды 11 млн теңгеге алдап кетті
Фото: azattyq-ruhy.kz

Жамбыл облысында алаяқ өз танысына «арзан көлік әперемін» деп алдап кеткен. Жәбірленуші танысының үстінен арыз жазып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы шағымданған.

Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың шілде айында таныс адамы Toyota Hilux автокөлігін нарықтағы құнынан төмен бағада сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған. Алайда 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмағандығын айтты. Облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы