«Алаш заңгерлері» кітабы жарық көрді

24 Маусым 2023, 08:36
1410
Бөлісу:
«Алаш заңгерлері» кітабы жарық көрді
Фото: архив

XX ғасырдағы қазақ заңгерлерінің өмірі мен қызметі туралы кітап жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Алаш заңгерлері» атты жұмысын Мәжіліс депутаты, адвокат Абзал Құспан таныстырды. Жинақта Алты Алаш қайраткерлерінің еңбегін үлгі етіп, қазақ даласында заңгерлік саланың қалыптасуы мен дамуы баяндалған. Шара Ішкі істер органдары мен мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесіне орайластырылды. Автордың айтуынша, жаңа жинақ құқық қорғау саласының мамандары арасында үлкен сұранысқа ие болады.

XX ғасыр басындағы заңгерлер туралы бірде бір жинақ, кітап шықпаған екен. Менің барлық саналы ғұмырым осы заң саласында өтіп келе жатыр. Азды-көпті 45 жыл өмір сүрген болсам, бүкіл саналы өмірім заңменен байланысты. Сонда байқаған нәрсем, журналистер көзі ашық дейтін оқыған-тоқығандардың өздері сол замандағы заңгерлердің атқарған істері туралы біле бермейді, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Өзгелердің жаңалығы