Алакөлде қайғылы оқиға: Әйел суға батып, қызы құтқарылды

Олар тыйым салынған жерде шомылған.

Бүгiн 2026, 14:28
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 14:28
Бүгiн 2026, 14:28
191
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Абай облысында әскери қызметшілер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды.

1 шілде күні Алакөл көлінің жағалау сызығын күзету барысында ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жағадан 50 метр жерде, шомылуға тыйым салынған орында суға батып бара жатқан екі адамды байқаған.

Әскери қызметшілер дереу құтқару операциясына кіріскен. Судан қатты жел мен толқын жағадан алысқа алып кеткен анасы мен қызы шығарылған. 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала құтқарылған. Ал 1991 жылы туған әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел медициналық көмек қызметкерлері оның қайтыс болғанын тіркеді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Абай облысының ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында суға кеткен ер адамның мәйіті табылды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Судағы қауіпсіздік: Рейд көп, бірақ қайғылы оқиға неге азаймайды?

Ақтөбе облысында атасы мен немересі суға батып кетті

Тыйым салынған жерде суға түскендерге 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады

Наверх