Әл-Фарабидегі жол апаты: Жәбірленуші тарап қорғаушысынан бас тартты

Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты кезекті сот отырысы өтті. 

Бүгiн 2026, 10:36
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина Бүгiн 2026, 10:36
Бүгiн 2026, 10:36
259
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Күдікті Александр Пак сот залына келді. Бұған дейін жәбірленуші тарап адвокат Олег Черновтың қызметінен бас тартқан болатын. Оның орнына адвокат Гүлмира Бабажанова жәбірленуші тараптың құқығын қорғамақ. 

Адвокат іс материалдарымен танысып үлгермегенін, сол үшін дүйсенбіге дейін уақыт беруді сұрады. Судья тараптарды тыңдап, өтінішті қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 15 маусымда сағат 10.00-де өтпек. 

Еске салайық, басты сот отырысына жол апатында марқұм болған үш адамның тек екеуінің туыстары қатысқан болатын. Олар күдікті Александр Пакты кешірім беріп, тек шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында Пак кінәсін толық мойындады.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты болған Олег Чернов күдікті Александр Пактың жазадан құтылып кетуі екіталай екенін айтты.  Күні кеше Олег Чернов жәбірленуші тараптан оның қызметінен бас тартқанын хабарлады.

Айта кетейік, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергелді.

Бұл бап бойынша ең ауыр жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Әл-Фарабидегі жантүршігерлік апат: ІІМ татуласу жауапкершіліктен босатпайтынын мәлімдеді.

Наверх