Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

23 Маусым 2023, 19:44
628
Бөлісу:
Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бұл туралы Алматы әкімдігінің Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысында 25-27 маусым күндері сағ.08:00 мен 24:00 аралығында, сонымен қатар 28 маусым сағ. 22:00-ден 29 маусым 06:00-ге дейін және 29 маусым сағ. 22:00-ден 30 маусым 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - деп жазды Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы