Ақтөбелік полицейлер әйелдерді құттықтады

6 Наурыз 2021, 16:53
1571
Бөлісу:
Ақтөбелік полицейлер әйелдерді құттықтады

 

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ.Ақтөбе облысының Полиция департаментінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мереке қарсаңында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен №1 қалалық полиция бөлімінің аға тергеушісі Нұрсұлу Игілікова ІІМ-нің "Құрмет грамотасы" грамотасымен, сол полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастыру-талдау тобының инспекторы Елена Половинкова "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. ІІМ 4 грамотасы берілді және 11 әйел қызметкерге алғыс жарияланды.

Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов әйел полицейлерді және ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Құрметті әйелдер  мен  әріптестер,  осы қиын кәсіпте ерлермен тең дәрежеде қызмет атқарасыз. Бұл күні сіздерге отбасылық бақыт пен амандық тілеймін! – деді ол. 

Сонымен қатар, Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 400-ден астам әйел ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан 11 полиция қызметкерлерінің  жұбайларына ІІО қызметкерлерін әлеуметтік қорғау қоры материалдық көмек көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы