Ақтөбе облысында мал ұрлығының бес фактісі ашылды

21 Қараша 2020, 04:39
2506
Бөлісу:
Ақтөбе облысында мал ұрлығының бес фактісі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-21 қараша аралығында облыс аумағында өткізіліп жатқан «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында мал ұрлығының 5 фактісі ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, Бекқұл баба кентінде белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның үйінің ауласында орналасқан сарайдан мал ұрлаған.

Аталған факт негізінде ҚР ҚК 188-1-бабының  3-бөлігінің 2-тармағы (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында мал мен ет өнімдерін тасымалдау, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз сату бойынша 27 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жеке ауласы мен малы бар азаматтарды мал ұрлығының алдын алу мақсатында барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

Ақтөбеліктерді мал ұрлығы фактілерінің алдын алу мақсатында барлық сақтық шараларын қабылдауға шақырамыз. Қараусыз жүрген малды ұрлау оңай, бірақ оны табу әлдеқайда қиын. Малды бақташыларға тапсыру керек, оларды ұстауға арналған үй-жайларды бейнекамералармен, сондай-ақ жануарларды  бақылау құралдарымен жабдықтауға болады, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы