АҚШ-та соңғы екі айда 123 мың жұмыс орны жабылды

9 Қаңтар 2021, 02:40
1435
Бөлісу:
АҚШ-та соңғы екі айда 123 мың жұмыс орны жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында 123 мың жұмыс орны жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай деректі осы елдің Жұмыспен қамту жөніндегі ұлттық орталығы келтірді. Олардың мәлімдеуінше, бұл былтырғы сәуірден кейін тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Негізі АҚШ үкіметі бизнес саласының тезірек ес жиюына мүдделі. Бірақ бұған коронавирус індетінің өршуі еш мүмкіндік бермей отыр. Елдің оңтүстік-шығысындағы Флорида штатында барыс-келіске шектеу қойылмаған. Осында орналасқан әлемдік туризмнің ірі орталығы – Майамидегі мейрамханалар, шарапханалар мен түнгі клубтар да ашық тұр. Бірақ келушілер саны өте аз.
Клиенттердің қауіпсіз сезінуі үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Үстелдерді 2 метрдей алшақ қойдық. Бірақ сонда да ешкім келмей жатыр. Қызметкерлер санын да, жалақы көлемін де қысқартуға мәжбүрміз. Ешқандай кіріс жоқ. Біздікі құр күнкөріс болып қалды, - деген мейрамхана иесі Эндрю.


Өзгелердің жаңалығы