АҚШ-та президенттің жақтастары мен қарсыластары қақтығысты

10 Қаңтар 2021, 17:18
1471
Бөлісу:
АҚШ-та президенттің жақтастары мен қарсыластары қақтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорния штатының Сан-Диего қаласында АҚШ-тың қызметтегі президенті Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластары қақтығысып қалды. Бұл туралы radiosputnik.ria.ru жазды.

Қақтығыс Трамптың жақтастары митингке шыққан жағалауда басталды. Шерушілерге президенттің қарсыластары қосылып, арты қақтығысқа ұласқан. Трамптың қарсыластары арасында антифашистік күштердің бары да байқалған.

Оларды полиция келіп тарқатты. Қазіргі уақытта шу басылды. Қақтығысқа Трампқа қатысты импичменттің жариялануы мүмкін деген ақпарат себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы